Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1
https://doi.org/10.55956/EYHU6273
Abstract. This article explores the situation of inclusive education in Kazakhstan, with a particular focus on the English language teaching of students with special educational needs (SEN). Kazakhstan's educational system is committed to inclusiveness, and the legislation establishes the principle of equal right to education for all children. The purpose of this exploratory article is to shed light on the methods and approaches in an inclusive teaching context, and to present several difficulties in implementing them. The article is based on theories and various studies. Consequently, it analyzes various teaching practices in the world of education, especially in terms of teaching students with special needs. Inclusive education is gaining more recognition, support and interest in the worldwide education system. Especially, the language learning process for students with SEN differs from other regular students. They need a special approach in the learning process. The results of the inclusive education experience have shown that an interactive teaching method can be beneficial for students with SEN. The suggestions for teaching inclusive classrooms were also presented.
Keywords: inclusive education; methods and approaches of teaching; students with special educational needs, English language.
https://doi.org/10.55956/UPNT7058
Аңдатпа. Бұл мақалада күрделі функцияның қасиеттері, туындының физикалық және геометриялық мағынасын есептер шығаруда қолдану әдістері, қолданбалы , оның ішінде әлеуметтік-экономикалық есептерді шешуде туындыны пайдаланып, тиімді шешімін табу жолдары қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде мектеп математика курсында математикалық анализ элементтерін зерделеу бойынша әдістемелік ұсыныстарға ерекше көңіл бөлінген, сонымен қатар 9-11-сыныпта математикадан емтиханда, олимпиадаларда кездесетін типтік математикалық есептерді шешу әдістері берілген. Эксперимент нәтижесінде зерттеуге қатысқан 10 сынып оқитын 25 оқушының математика пәніне деген қызығушылығы 16 % дейін артқаны байқалды. Зерттеулер нәтижесінде матанализ элементтеріне байланысты стандартты емес есептерді шешудің тиімді әдісі ретінде бірнеше амал ұсынылды. Ғылыми зерттеудің нәтижесі 10-11 сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандар мен олимпиадаға дайындауда математика пәні мұғалімдеріне нұсқау ретінде қолданылуы мүмкіншілігі бар.
Тірек сөздер: математикалық анализ элементтері, алгебра және анализ бастамалары, туынды, туындының физикалық және геометриялық мағынасы, функцияны зерттеуде туындының қолданылуы.
https://doi.org/10.55956/QZAR5150
Аңдатпа. Мақала жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы оқу процесінің сапасын арттырудың өзекті мәселесіне арналған. Автор жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың егжей-тегжейлі жіктемесін береді, сонымен қатар қазақ тілі сабақтарында, әдеби оқу сабақтарында немесе математика сабақтарында қандай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға болатындығын нақтылайды. Мақала авторы мектеп сабақтарында осы инновациялық технологияларды қолданудың егжей-тегжейлі мысалдарын келтіреді және оқу процесінің сапасы едәуір артатынын дәлелдейді, өйткені инновациялық технологияларды қолдану танымдық қызығушылықты қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімді тараптары, автордың пікірінше, білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі кезеңінде ерекше маңызды болып табылатын оқуға, шығармашылыққа, ақпаратпен жұмыс істей білуге деген ынтаны арттыру болып табылады.
Тірек сөздер: оқу процесінің сапасы, жаңа педагогикалық технологиялар, мотивация, танымдық қызығушылық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, танымдық қызмет.
https://doi.org/10.55956/IVSG4032
Аңдатпа. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты математикалық білім берудегі стандартты емес есептерді шешудегі оқушылардың жетістіктерін талдау мақсатында тақырыптық зерттеу жүргізу болды. Бұл зерттеуде стандартты емес дидактикалық тест оқушыларға берілді. Зерттеуді орта мектептің 14-15 жас аралығындағы 30 (13 ұл, 17 қыз) оқушымен жүргіздік. Зерттеу нәтижелерінен біз мектептерде математиканы оқытудың нақтылығы қазіргі оқыту талаптарына және оқушылардың болашақ өмірінің қажеттіліктеріне ішінара сәйкес келмейтінін білдік. Сондықтан мұғалімдер стандартты емес тапсырмаларды математика сабағында кірістірсе, оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды және өзінің қажеттіліктеріне пайдаланады.
Тірек сөздер: математикалық білім беру, білім беру жағдайы, стандартты емес есептер.
https://doi.org/10.55956/GJNA2160
Аңдатпа. Мақалада студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы шығармалық тақырыптарға түсініктеме берілді. Жұмыс оқытушыларға, болашақ мұғалім мамандарына қажетті материалдармен қамтылған. Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын көрсеткіштер, өз бетінше шығармашылық жұмысты ұйымдастырудағы қағидалары, эссенің белгілері, эссеге қойылатын талаптар, бағалау критерийі, студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарының педагогикалық мүмкіндіктері туралы тақырыптарда ғылыми тұжырымдар жасалған. Шығармашылық процестің кезеңдері туралы білім студентке технологияны өз бетінше құруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процесті ұйымдастыруда қажетті жағдайларды ескере отырып, шығармашылық өнімді құру тақырыбы маңызды рөл атқарады.
Тірек сөздер: студенттің өзіндік жұмысы, қағида, бағалау критерийі, эссе, шығармащылық процесс, шығармашылық өнім.
https://doi.org/10.55956/HNSX3795
Аннотация. Данная статья раскрывает значение применения способа развития речевой активности детей через программу альтернативной коммуникации «Picture Exchange Communication System» (PECS) «Коммуникационная система обмена изображениями». Рассматривается внедрение PECS в обучениедетям с аутизмом для формирования коммуникативных,речевых навыков. Данная работа раскрывает содержание понятия «аутизм», проблемы взаимодействию и коммуникации коррекции аутизма используя альтернативную методику PECS. В ряде научных исследований рассматривается взгляд зарубежных и отечественных исследователей к данной проблеме. Методологической основой исследования является изучениетеоретических и практических подходов к формированию коммуникативной деятельности у детей с расстройством аутистического спектра с помощью альтернативной методики PECS. Авторы указывают,что использование альтернативной методики PECS необходимо применять детям с аутизмом и не только. В статье предоставляется глубокий анализ научной литературы по использованию систем PECS для детей с расстройством аутистического спектра (РАС), а также исследуется их эффективность в улучшении языковых и коммуникативных навыков у этой группы детей. Такой взгляд будет интересен специалистам в области специальной педагогики,логопедии и психологии.
Ключевые слова: аутизм, альтернативная коммуникация, речевая активность, общение, обучение, развитие, ребёнок, методика, РАС.